Боливияда уақытша президент тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда уақытша президент тағайындалды

13.11.2019

Боливия сенаторы Жанин Аньес елдің уақытша президенті болды. Ол бұл қызметті жаңа президент сайлауы өткенше атқаратынын мәлімдеді.

Айта кетсек, бұрынғы президент Эво Моралес елдегі жағдайды «мемлекеттік төңкеріс» деп атап, қарашаның 10-ында отставкаға кеткен еді. Наразылықтар мен қақтығыстар өршіген соң ол Мексикаға қашып тынды. Сонымен қатар вице-президент пен сенаторлар палатасының төрағасы да қызметтерінен бас тартқан. Сондықтан Боливия конституциясына сәйкес мемлекетті уақытша басқару мандатын алған Аньес енді тезірек сайлау өткізуді жоспарлап отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу