Иракта билікке қарсы шерулер жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта билікке қарсы шерулер жалғасуда

12.11.2019

Иракта билікке қарсы шерулер жалғасып жатыр. Бүгін демонстранттар Бағдадтың орталығына апаратын Синак көпірінің маңына жиналды. Оларды тарату үшін қауіпсіздік күштері көзді жасаурататын газ қолданған. Шеруге негізінен жастар қатысып жатыр. Олар жұмыссыздыққа, коррупцияға, электр жарығы мен ауызсу тапшылығына наразылық білдірсе, қазір басшылықтағы діни-саяси жүйені қайта құруды талап ете бастады. Ал министрлер кабинеті елді ашындырған әлеуметтік проблемаларды шешудің жолын таппай отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу