Токиодағы паралимпиада ойындарына 5 спортшымыз жолдама алып үлгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиодағы паралимпиада ойындарына 5 спортшымыз жолдама алып үлгерген

12.11.2019

2020 жылы болатын Токиодағы паралимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы қызу дайындалуда. Қазіргі сәтте 5 спортшымыз жаһандық жарысқа жолдама алып үлгерген, қалған үміткерлердің нәтижелері қаңтар айында белгілі болмақ. Отандық спортшылар күншығыс еліндегі байрақты бәсекеге спорттың 11 түрі бойынша аттанады. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда жаттығып жатқан паралимпиадашылардың ахуалымен танысты. Әлемдік стандарттарға сай салынған жаттықтыру орталығының әлеуетін қарап шықты. Мұнда паралимпиаданың барлық түрі қамтылған. Ең бастысы, дайындық үшін барлық жағдай жасалған. Тактикалық, техникалық, медициналық тұрғыда қызмет көрсетіледі. Вице-премьер спортшылардың ахуалын сұрап, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Мүгедек жандардың кез келген мәселесі назардан тыс қалмайтынын және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жалғаса беретінін жеткізді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу