Қызылордалық прокурорлар ауылдарды аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық прокурорлар ауылдарды аралап жүр

12.11.2019

Қызылорда облысының прокурорлары кәсіпкерлерге құқықтық кеңес беру мақсатында елді мекендерді аралауға шықты. Жаңақорған ауданынан басталған «Заң керуені» акциясы аясында 100-жуық азамат өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. 

Аймақ прокурорларымен бірге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері де халықпен кездесті. Қазіргі таңда бизнеске кедергі келтіретін мәселелер ортаға салынып, көптің талап-тілегі назарға алынды. Тіпті сала мамандарының көмегіне жүгінген кейбір аудан кәсіпкерлерінің проблемасы сол жерде шешімін тауып, заң тұрғысында бағыт-бағдар берілді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу