Қыста да ашық аспан астында суға түсіп, демалуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыста да ашық аспан астында суға түсіп, демалуға болады

12.11.2019

Алматы облысында ыстық су көздерінде қысқы туристік маусым ашылды. Бүгінде Ұйғыр ауданына қарасты Қарадала аймағының туристік әлеуеті өте зор. Алайда мұндағы 1500 гектардан астам алқаптың тек 60 пайызы ғана игерілген. Жергілікті билік ыстық су шығатын жердің бас жоспарын жасаған соң, туристік аймақ жаңаша келбетке ие болмақ.  

Айта кетейік, Қарадала аймағына жыл сайын 70 мыңға дейін турист келеді. Ал бұл маңда жаңа демалыс орындары ашылса, туристер саны бір жылда 1 млн-ға жетуі мүмкін.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу