Ұлттық арна «ЕлREPORTER» жобасын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «ЕлREPORTER» жобасын бастайды

12.11.2019
Ұлттық арна «ЕлREPORTER» жобасын бастайды

Құрметті көрермен! 

Кездейсоқ көзіңіз шалған немесе өзіңіз куә болған оқиғаны көпшілікпен бөліскіңіз келсе, бізге хабарласыңыз! 

Бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасы әлеуметтік желілердегі оқырмандары арасында «ЕлREPORTER» жобасын бастайды. Ол үшін айналаңыздағы өзіңіз кездейсоқ куә болған маңызды жаңалықтар мен қызықты оқиғаларды ұялы телефоныңызға түсіріп, +7 778 598 23 50 WhatsApp нөміріне жолдаңыз. Онда аты-жөніңіз, оқиға түсірілген орын мен видеоға шағын сипаттама болуы шарт. 

Ерекше бейнежазбалар күн сайын біздің ресми парақшаларымызда жарияланады. 

Үздік автор Ұлттық арна бағдарламаларының кейіпкері атанып, «Қазақстан» РТРК» АҚ атынан арнайы сыйлыққа ие болады. 

«ЕлREPORTER» - бұл ел ішіндегі жаңалықтарды көрермен көзімен жеткізу.


Хабарламаларға жазылу