Көкшетауда «Ән – көңілдің ажары» атты фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда «Ән – көңілдің ажары» атты фестиваль өтті

11.11.2019

Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында «Ән – көңілдің ажары» атты ІІІ республикалық фестиваль өтті. Дәстүрлі шараны Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұйымдастырып отыр. Байқау үздік ән, хор, ансамбль, дуэт, би шеберлерін анықтауға бағытталған 5 номинациядан тұрды.

Фестивалге қатысуға 18 шығармашылық ұжымнан 250-ге жуық өнерпаз қатысты. Осылайша тамаша талант иелері өнердің сан саласын қамтып, көреременге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Хабарламаларға жазылу