Бір апта бойы Бетпақдалада адасқандар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір апта бойы Бетпақдалада адасқандар табылды

11.11.2019

Бір апта бойы із-түзсіз кеткен Жезқазған қаласының екі тұрғыны Бетпақдаладан табылды. Абырой болғанда, екеуі де дін аман. Жолдан жаңылып, адасқан жандарды қызылордалық қорықшылар кезіктіріп, көмек көрсеткен. 

Жезқазған қаласының тұрғындары Сергей мен Марина бағытынан адасып, түз даланың адам аяғы баса бермейтін түкпірінен бір-ақ шыққан. Олар жолдан 400 шақырымдай жерге ауытқып кеткен. Ақырында автокөліктің жанармайы таусылып, сол маңды бір апта бойы паналауына мәжбүр болыпты. Ас-сусыз әбден әлсіреген жандарды қызмет бабында жүрген қорықшылар тауып, екі адамның өмірін арашалады.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу