Орал әуежайының құрылысы тағы да бірнеше айға созылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал әуежайының құрылысы тағы да бірнеше айға созылмақ

08.11.2019

Орал әуежайының аэробекетін жөндеу мерзімі тағы жарты жылға созылмақ. Бұған ескі ғимарат іргетасының қатты отырып кетуі себеп. Олқылық аэровокзалды бұзу кезінде анықталды. 

Құрылыс биыл шілде айында басталған еді. Әуежай 47 жыл бұрын салынған. Көне ғимарат халықаралық талапқа сай келмейтін. Құрылысқа кен игеруші компанияның әлеуметтік жобалары аясында қаржы бөлінді. Жоба құны 2,4 млрд теңге. Қазір бас ғимарат жабық. Ал жолаушыларға халықаралық рейс қабылдайтын қосымша ғимаратта қызмет көрсетіледі.

Артур Досқалиев, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Жоба қайта қарастырылып, алдағы уақытта құрылыс мерзімі ұлғаяды. Егер бұрынғы жоба бойынша келесі жылдың қазан айында іске қосу жоспарланса, қазіргі жаңа жоба бойынша ол жарты жылға созылып, 2021 жылдың наурыз-сәуір айларына ауысуы мүмкін.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу