Енді тарихи нысандарға тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі бірден берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді тарихи нысандарға тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі бірден берілмейді

08.11.2019

Енді тарихи мұра объектісіне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі сол нысан ашыла салысымен берілмейді. Бұл мәртебе енді оның тарихи маңыздылығын айқындайтын сараптама жасалғаннан кейін ғана беріледі. Осындай мазмұндағы заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды. 

Ертеректе ашылған мұраның талайы әлі күнге зерттелмеген, қазылмаған, реставрацияланбаған күйінде жатыр, яғни тек тізімде тұр. Алдағы кезде үш жылдың ішінде, кей жағдайда бес жылдың ішінде олардың құндылығының басы ашылады да, жұмыс жоспарлы түрде жүргізілмек.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заң жобасы «қара археологияға» тыйым салатын механизмді жасап отыр. Ендігі жерде кім көрінген қолына күрек алып, қалаған жерін қазып кете бермейді. Оған өкілетті органның жоспарына сәйкес және берген лицензиясына сәйкес қазуға ғана рұқсат етіледі. Осы жөнінен де өзінің артықшылықтары бар.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу