Қазақстандықтардың ақша аударымдарын жаппай тексермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың ақша аударымдарын жаппай тексермейді

07.11.2019

Қаржы министрлігі салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін қазақстандықтардың ақша аударымдарын жаппай тексермейді. Тек кәсіпкерлік мақсатта бір-біріне төлем аударғаны анықталған жағдайда ғана қосымша салық салынады. Негізінен қазақстандықтар банктердің көмегімен жасайтын электронды ақша аударымдарының бір бөлігіне салық салынуы керек, өйткені ол кіріс әкеледі деген, ақпарат тараған болатын. Естеріңізге сала кетсек, елімізде 2022 жылға дейін салықтық мораторий жарияланған. Сол себепті, ақша аударғандардың артынан салық органдары түседі деуге еш негіз жоқ.

Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

Банктік карточкадан екіншіге жіберілген барлық ақша тексерілмейді... Жағдайда ғана салықтық төлемдер алынады.

Ғабит


Хабарламаларға жазылу