Балқашта полицияның қоғамдық көмекшілерінің арқасында 23 қылмыс әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта полицияның қоғамдық көмекшілерінің арқасында 23 қылмыс әшкере болды

07.11.2019

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полицияның қоғамдық көмекшілері жыл басынан бері 23 қылмысты ашып, 200-ге жуық құқықбұзушылық әрекеттің жолын кескен. Әзірге бұл жауапты іске 30 адам іріктеліп алынса, 10-ы ауған соғысының ардагері екен. Олар тәртіп сақшыларымен бірге кезекшілікке түсіп, қоғам тыныштығын сақтауға көмектеседі. Ерікті жұмыста ерекшелігімен көзге түскен белсенді азаматтарға аракідік сыйақы да беріліп тұратын көрінеді.

Қуандық Өміржан, Балқаш қалалық полиция бөлімінің басшысы:

Қоғамдық көмекшілердің арқасында соңғы 9 айда қаламызда қылмыс саны 21 процентке азайды. Бұл - жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ соққыға жығу, тонау, ұрлық, алаяқтық қылмыстарының ашылу деңгейі артқан. Біз еріктілерді шамамыз келгенше ынталандырып отырамыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу