Биыл еліміздің өндіріс орындарында 129 жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміздің өндіріс орындарында 129 жұмысшы қаза тапты

07.11.2019

Биыл елімізде 129 жұмысшы өндіріс орнында қаза тапты. 1069 адам түрлі жарақат алған. Оның себептері мен салдары «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында өткен семинарда талқыланды. 

Қазақстанда 497 мың адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Ол үшін тиісті өтемақы алады. Бірақ кәсіпорындардың көбінде қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Әсіресе, тау-кен өндірісінде, құрылыс нысандарында қайғылы жағдай жиі болады. «Сондықтан мамандар жұмыс берушінің де, жұмысшының да жауапкершілігін арттыру қажет», - дейді. 

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу