Түркістанда «Ясауитану-2019» байқауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда «Ясауитану-2019» байқауы өтіп жатыр

07.11.2019

Биыл 23-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі білім бәйгесі туралы Гүлжазира Ғалиқызы баяндайды.

Гүлжазира Ғалиқызы, тілші:

Бұл байқаудың тарихы 1997 жылдан басталады. Алғашқыда қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған. Соңғы 10 жылда республикалық деңгейге құлашын жайды. Биыл «Ясауитану» байқауына еліміздің әр өңірінен 40-тан астам оқушы келген. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметін» жатқа оқудан сайысқа түседі. Екінші кезеңде Ясауи мұрасы, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалар, Түркістан тарихынан билет сұрақтарына жауап береді. 

Хабарламаларға жазылу