Қазақстан допингпен күресті қатаңдатады

07.11.2019
Қазақстан допингпен күресті қатаңдатады

Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов бастаған қазақстандық делегация WADA ұйымының бас директоры Оливьер Ниггле және WADA–ның Азия өңіріндегі кеңсесінің басшысы Казухиро Хайашимен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу спорттағы допинг мәселелеріне арналған V Дүниежүзілік Допингке қарсы конференция аясында өтті. Қазақстандық тарап допингпен қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін арттыру сұрақтарын қамтитын заң жобасы туралы кеңінен айтып берді. Өз кезегінде Оливьер Ниггле Қазақстан Үкіметінің аталған бағытта қолға алып жатқан реформаларын жоғары бағалап, болашақта допингпен күрес мәселесінде ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, қос тарап допингке қарсы кодекс пен халықаралық допингке қарсы стандарттардың қайта қаралу процесін талқылады.

Хабарламаларға жазылу