Қымбатшылыққа қарсы шаралар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымбатшылыққа қарсы шаралар талқыланды

06.11.2019

Қымбатшылыққа сұраныстың артуы себеп! Бүгін Ақордада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында еліміздегі азық-түлік бағасының шарықтауы сөз болды.

Жиынды өткізген кеңестің хатшысы Қалмұханбет Қасымов әсіресе соңғы кездері ет бағасының аспандап кеткеніне алаңдаулы. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «бұған ет экспортының артуы себеп» дейді. Айтуынша, қазақстандық ірі қараның етін қазір Иран, Бахрейн, Қырғызстан мен Өзбекстан көптеп сатып алып жатыр. Сондықтан ішкі нарықта тапшылық байқалып, сиыр етінің келісі 200-300 теңгеге өсіп кеткен. Енді қымбатшылықты болдырмау үшін ет өндірісін арттыру көзделіп отыр.   


Хабарламаларға жазылу