Делиде түтін сейіліп, мектептер қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Делиде түтін сейіліп, мектептер қайта ашылды

06.11.2019

Үндістан астанасы Делиде қою түтін біршама сейіліп, мектептер қайта ашылды. Айта кетсек, мұнда қарашаның 3-де ауаның ластану деңгейі тиісті нормадан он есеге асып кетіп, миллиондаған адам тұншыққан еді. Және де оқу орындарында сабақ тоқтатылып, құрылыс жұмыстары доғарылды. Сонымен қатар, нөмірі тақ және жұп санға аяқталатын жекеменшік көліктер жолға бірден шықпай, кезекпен күнара шықты. Бұған қоса, түтінді азайту мақсатында Дели мен оның айналасындағы елді мекендерде от жағуға және фейерверк атуға тыйым салынды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу