Қырғыз жұртына радиоактивті қалдықтар қауіп төндіріп тұр

06.11.2019

Қырғызстанның Майлы-Суу қаласының маңындағы радиоактивтік қалдықтар қоймасы 14 миллион тұрғынға қауіп төндіріп тұр. Бұл жерде екі миллион куб метрден артық зиянды заттар сақталған. Ал қоймалар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан мамандар бір рет көшкін жүрсе, қауіпті зат өзенге таралып, бүкіл Ферғана даласын ластайды деп дабыл қағып отыр.

Өңірдегі радиация мөлшері сағатына 100 рентгеннен асып кетеді. Ал тұрғындардың онкологиялық ауруларға шалдығуы бүкіл ел бойынша 50 пайызға артық. Сонымен қатар, мұнда Даун синдромымен дүниеге келетін нәрестелер жиі кездеседі. 

Жергілікті халық көшіп кетуге әзір, алайда мемлекет тарапынан ол үшін ешқандай көмек қарастырылмаған. 

Кеңес дәуірінен бері қалған қоймаларды қайта жабу үшін 85 миллион еуро қажет. Үкімет болса, мұндай қаражаттың жоқтығын алға тартып, мәселені шешуге асығар емес.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу