«Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті

05.11.2019

Елордада төтенше жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс қызмет түрлері дайындықтарын пысықтады. «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы кезінде шартты түрдегі оқыс оқиғалар әзірленіп, құтқарушылар, полиция департаменті, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет түрлері дабылмен көтерілді.

Жаттығу кезіндегі алғашқы сынаққа коммуналдық қызмет түрлері ілікті. Бұл -қыстың аязды күндері жиі болатын жылу құбырының жарылуы.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Құтқарушыларға берілген алғашқы тапсырма мына жылу құбырында болған оқыс оқиғаның салдарын жою. Құтқарушылар бұл жерге бірнеше минуттың ішінде жетіп, қазір жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Айтуларынша шамамен 10-15 минуттың ішінде жұмыс аяқталады.

Одан соң құтқару қызметі айдалада адасып қалған адамды іздеу жұмыстарына кірісті. Бұл іске төрт аяқты тәртіп сақшысы да тартылды.

 Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Ал бұл, әсіресе көктем және күз мезгілінде жиі орын алатын жағдай. Мына өзенге құлап кеткен, мұз астына түсіп кеткен балықшыны оны да олар ойдағыдай тез арада тауып алып, жедел жәрден көлігіне салып, алғашқы көмек көрсетті. Жоғалған адам тірі.

Марғұлан Аманбаев, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

15 сағатта жаттығудың қорытындысы шығарылады. Қандай жұмыстар атқарылды, қандай атқарылады және осы болған кемшіліктерді жоюға ауа райының бар уағында сол үшін арналады.

Келесі тапсырма ең күрделісі болды. Әсіресе мен үшін. Олай дегенім, жаттығуды өзегінен көру үшін зардап шеккендердің бірі болып өзім кірдім. Отқа оранған көп қабатты үйде ауа жоқ.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазір бізде сатымен, баспалдақпен түсу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан осындай биіктен терезеден секіруге тура келіп тұр.

Оқу жаттығу кезінде зардап шеккендер жоқ. Берілген тапсырмалар ойдағыдай орындалды. Құтқару қызметінің басшылары «Қыс – 2019» оқу жаттығуы ойдағыдай өткенін хабарлады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу