Арал теңізінде жоғалған балықшылар іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал теңізінде жоғалған балықшылар іздестірілуде

05.11.2019

Сыр өңірінде бірнеше күннен бері Арал теңізіне шыққан екі балықшы іздестірілуде. Олар 2 қарашада балық аулауға кеткеннен қайтып оралмаған.

Теңізден іздестіріліп жатқан 25 пен 26 жастағы екі азамат «Бақыт» шаруа қожалығының балықшылары екені белгілі болды. Олар Арал теңізінің 16-шы учаскесіне таңертеңгілік балық аулауға шыққан. Бірақ сол күні ауа райы күрт құбылып, кейін дауыл тұрған. «Теңізде қатты толқын көтеріліп, қайықпен жүруге өте қауіпті болған», - дейді мамандар. Әзірге із-түзсіз кеткен балықшылардың өлі, не тірі екені белгісіз. Іздестіру шаралары әлі жалғасуда.

Ғабит Жаңабаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары: 

Құтқарушылар келді. Одан бөлек жұмылдыру басқармасының қызметкерлері балықшыларды дронмен іздеуде.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу