2020 жылдың шілде айында елордада газ беріле бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылдың шілде айында елордада газ беріле бастайды

05.11.2019

Келесі жылдан бастап елорда тұрғындарына газ беріле бастайды. Қазіргі таңда газ тарату желілерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары айтты. Ермек Қизатовтың сөзінше, газдандыру жұмысы екі бағытта жүзеге асады. Қалалық өндіріс және тұрғын алаптарын газдандыру желісі салынады және жылу электр орталықтарына газ беріледі. Ал құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінген. 

Алғашқы кезеңде Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары мен Промышленный кентіне көгілдір отын таратылады. Екінші кезең Интернациональный, Күйгенжар, Тельман тұрғын аудандары мен Пригородный, үшіншісі Ильинка, Шұбар, Өндіріс аудандарын қамтиды. «Аталған жұмыстар 2023 жылға дейін толық аяқталады», - деді Ермек Қизатов. 

Ермек Қизатов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

Бірінші газды Көктал-1, Көктал-2 тұрғын аудандарына береміз. 2020 жылдың шілде айында болады ол. Газ әкелу желілерін аяқтауымыз керек. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу