Шымкентте бір отбасы тамақтан уланып, екі бүлдіршін қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бір отбасы тамақтан уланып, екі бүлдіршін қайтыс болды

04.11.2019

Шымкент қаласында бір отбасы тамақтан уланып, екі баласы астан ажал құшты. Келіншегі мен үш баласының түнімен іші ауырып, құса бастаған соң отағасы кеше таңертең үйіне жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер науқастардың жағдайын тексеріп көріп, қажетті ем шараларын жасаған. Алайда бүгін таң ата отбасы мүшелерінің жағдайы тіптен нашарлап кеткен. Бұл жолы жедел жәрдем тобы науқастарды жұқпалы аурулар ауруханасына алып келіп жатқызды. Таксикологиялық бөлімде ем қабалдауды бастаған 4 жастағы бүлдіршін ауруханада жан тапсырды. Мұнан соң үйдің кенжесі 1 жастағы сәби де көз жұмған. Қазір екі баланың өліміне себепші болған жайттар анықталуда. 

Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Оқиға орнын төтенше жағдай қызметі мамандары жіті тексеріп шықты. Олар пәтерге ешқандай улы газдың таралмағанын айтып отыр. Осы оқиғаға байланысты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандары кешкісін түсініктеме бермек. Дәрігерлердің айтуынша, әзірге 32 жастағы келіншек пен үлкен қызының жағдайы бірқалыпты. 

Зарипа Тұрысбектова Шымкент қаласы ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы:

Толығымен зерделеу жұмысын жүргізе отырып, иісті газдың шықпағаны туралы анықталған. Осы оқиға бойынша тамақтан улану фактісі тіркеліп отыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу