Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық полицейлер аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті

04.11.2019

Қарағанды облыстық полиция департаменті жанындағы арнайы жасақ қызметкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Олар үш баласы бар жанұяның отынын жарып, қора мен үй шатырын жөндеп және өз қаржыларына азық-түлік пен көмір сатып әперді. Осылайша қоғамдық тәртіпті сақтау жолында үнемі жедел шараларда жүретін қайсар мінезді жігіттер қайырымды қырынан танылды. 

Арнайы жасақ қызметкерлері көмекке зәру жандарды әлеуметтік желі арқылы анықтайды екен. «Бұл игі іс келешекте жалғасын табады»,-дейді олар. 

Айнұр Жаппарова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Толық емес отбасымыз, үш балам бар, үйді жалдап тұрамыз. Осы кісілерге рақмет, ағашымызды, көмірімізді бәрін әкеліп берді. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу