Кәсіпқой бокс. Сергей Ковалев (Ресей) - Сауль Канело Альварес (Мексика) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой бокс. Сергей Ковалев (Ресей) - Сауль Канело Альварес (Мексика)

03.11.2019

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында Әлем чемпионы атанды. Боксшылар жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағына таласқан кездесу Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында өтті. «Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. Альварес кәсіпқой мансабындағы 53-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Ковалев төртінші рет жеңілді. Мексикалық боксшы осымен төртінші салмақ санатында Әлем чемпионы болып отыр. 29 жастағы боксшы бұған дейін бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.



Хабарламаларға жазылу