Электр қуатының тарифі қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр қуатының тарифі қымбаттайды

01.11.2019

Электр қуатының тарифі қымбаттайды. «Бағаның өсуі бірқатар субъектілерде биылдан басталса, қалғаны қаңтарда жалғасады. Шектік көрсеткіші 6-7 пайыздан аспайды»,-дейді табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы. Нәтижесінде тұтынушылар үшін төлем көлемі де сол шамада болмақ. Қазірдің өзінде еліміздегі үш өңірде – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысында электр энергиясы тарифі қымбаттап үлгерді. Бұл энергия өндіруші компаниялардың бағаны көтереміз деген бастамасынан туындап отыр. Айтуларынша, баға соңғы бес жылда өзгермеген. Ал тиісті комитет тариф құнын реттеуге құлықты болса да кейде оған құқы бола бермейді.

Ерболат Ибрайханов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

Әр тарифтің құрамында көмір бар, газ бар дегендей. Мысалы, көмір соңғы 5 жылды алсақ 100-122 пайызға өскен. Ол электр энергиясының өзіндік құнында 45-50 пайызын құрайды. Сондықтан бізбен тиісті министрліктермен реттелмейтін тауарлар өскен кезде бұл бәрібір өз әсерін реттелетін қызметке береді.

Нсыаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу