Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі басталды

31.10.2019

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі басталды. Оған 549 үміткер қатысып жатыр. Мұнда олардың «Әлеуеті бағалаланады». Эссе жазады, жобасын таныстырады, құзыреттілігіне баға беріледі. Елімізде тұңғыш рет бастау алған жобаға жастардың ынтасы жоғары. Тіпті шетелде жүрген қазақстандық азаматтар да белсенділік танытып жатыр. Әуелгіде 13 мың жастан өтініш түскен. Бастапқы сатылардан сүрінбей өткендер енді бірнеше кезеңді еңсерулері тиіс. Осы жолы ең жақсы нәтиже көрсеткен 400 қатысушы әрі қарай бақтарын сынайды. Соңында 330 азамат іріктеледі. Ал осы жұмыстардың барлығы адал әрі ашық өтіп жатыр.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Біздің таңдауымыз әділ болсын деп осының барлығын «офлайн» өткізіп жатырмыз. Мысалы үшін менің өзімнің соетнигім менімен күнделікті жұмыс істеп жатқан ол оған қатысты. Бірінші этапқа қатысты, бірақ өте алмай қалды. Осындай этаптың өзі нені көрсетеді? Ол біздің таза екенімізді көрсетеді. Ешкім ешкімге көрсете алмайды. Көмектеспеуі керек. Көмектеспеуі үшін біз осыны өткізіп жатырмыз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу