Елімізде 60 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 60 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған

31.10.2019

Елімізде 60 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары мүлдем сақталмаған. Бүгін жылу маусымына қарсы жүргізілген тексерістің қорытындысын жариялаған Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, үйін көмірмен жылытып отырған тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды. Өйткені мұндай жер үйлерде өрт шығу қауіпінің жоғары екені белгілі. Мәселен, өткен жылу маусымында ел бойынша 4 мыңнан астам үйді қызыл жалын шарпып, 200-ге жуық адам қаза тапқан. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметі ала жаздай жеке секторды аралап, тұрғындарға от пен ошаққа барынша абай болуы керектігін ескертіп, арнайы нұсқаулықтармен таныстырған. Бірақ бұған немқұрайлы қарайтын тұрғындар да жетерлік.   

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

395 мың үйде тексеру жұмыстарын жүргіздік. Соның 60 мыңнан астамында өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Яғни мұржасы бітеліп, пеші тесілу секілді ереже бұзушылықтар көп. Оны баспана қожайындары өздері дереу ретке келтіруі тиіс.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу