Мәулен Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болды

31.10.2019
Мәулен Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болды

Президент кеңесшісі Мәулен Әшімбаев Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болып тағайындалды.

Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Отырысты ашқан министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. Директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. 

Институттың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау.


Хабарламаларға жазылу