Президент Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

31.10.2019
Президент Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу