Латын әліпбиін жетілдіру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын әліпбиін жетілдіру мәселесі талқыланды

30.10.2019

Таразда тіл мамандары жаңа әліпбидің емле ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылады. Лингвист ғалымдар әліпбиге көшу кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек дейді. 

Келесі айдан бастап бұл бағытта қаладағы жоғары оқу орындарында оқыту курстары басталады. Оған өңірдің 20 мыңға жуық мұғалімі тартылады деп күтілуде. Келешекте орта мектеп ұстаздарын да қамту көзделіп отыр. Семинар-кеңесте латын графикасы негізінде әліпбиді қолданудың тарихи тәжірибесі, бірыңғай стандартын енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар шараға қатысушылар еміле-ережелерде қарама-қайшылық туғызып отырған мәселелерді біріздендіру бойынша ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Айша Түлекова, филология ғылымдарының магистрі:

Мысалы, кейбір әріптердің бір-біріне ұқсастығы. Мысалы «І» әріпіне келсек «і» әріпі мен «и» әріпінің бас әріптері бір-біріне өте ұқсас оларды айыру өте қиын. Соған байланысты қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу