Лондонда қазақ киносы көрсетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қазақ киносы көрсетіліп жатыр

29.10.2019

Ағылшындар қазақстандық киноиндустриямен жақынырақ таныс болмақ. Тұманды Альбионда қазақстандық фильмдер апталығы басталды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі елшілігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Индира Бектенова, тілші:

Бұл - Әйгілі Лестер сквер. Ресми деректерге сүйенетін болсақ, бұл жерге келіп-кететін адамның саны аптасына 2,5 миллионнан асады екен. Бүгін біздің де Лестер Скверге келуіміз бекер емес. Осы жерде орналасқан VUE кинотеатрында қазақстандық фильмдер апталығы басталды.

Лондон төрінде бас-аяғы 5 отандық кинотуынды көрермен назарына ұсынылмақ. Атап айтатын болсақ, «Оралман», «Анаға апарар жол», «Аманат», «Шал» және «Айка». Әрбір картина ерекше. Айталық, «Оралман» фильмінің көрсетілімінен басталып қазақстандық кинокартинаны көруге келген көрерменнің қарасы қалың екенін байқауға болады. Ауғанстаннан елге оралған қандастарымыздың өмірі жайлы баяндайтын фильм талғамы биік жергілікті көрерменнің жоғары бағасына ие болды

Нұрлан Санжар, «Оралман» фильмінің сценарий авторы:

Негізі премьерадан кейін фильмді көрмейтінмін. Өйткені сценарийдің үтір-нүктесінен дейін білесін. Бүгін басынан аяғына дейін фильмді тамашалап, залда отырғандар бір деммен қарап шыққанын сездім. Көрермендердің барлығы аяғына дейін отырды. Жергілікті көрерменнің мәдениеті жоғары екенін байқадым.

Индира Бектенова

Хабарламаларға жазылу