Тараз-Мойынқұм әуе тасымалы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз-Мойынқұм әуе тасымалы іске қосылады

29.10.2019

Тараз қаласы мен шалғайдағы Мойынқұм ауылы арасында әуе рейсі ашылмақ. Облыс орталығынан 400 шақырымдағы елді мекенде шағын авиация айлағының орны белгіленіп, шығындары есептеліп жатыр. Бұл жайында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлімдеді. Бұл бастама ұзақ сапарға сабылатын тұрғындар үшін үлкен қуаныш болғалы тұр. Жұмыстар жүйелі жүзеге асса, 4-5 сағатқа созылатын жол небәрі 1,5 сағатқа қысқармақ. 

Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Әуе кемелерімен айналысатын мекемелермен келіссөздер қазір жүргізілуде. Оған қоса сәйкес министрліктер мен комитеттермен жұмыс істеудеміз. Қазір есептік кезеңі жүргізілуде. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу