Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

29.10.2019
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесеріне қатысып, Балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етпек. Сонымен қатар Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сондай-ақ «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

Хабарламаларға жазылу