Отандық шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнім көлемі артып келеді

28.10.2019

Отандық шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнім көлемі артып келеді. Ресми статистика бойынша биыл олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 28,5 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз жиынында Ұлттық экономика вице-министрі айтты. Қаңтар мен маусым айлары аралығында кіші бизнестің өндірген тауары 12,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10,8 процентке көп. Енді 2025-ші жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 30 пайызға жеткізу мақсаты тұр. «Бұл экономиканың тұрақтылығы үшін аса қажет»,- дейді мамандар. Осы орайда үкіметтегілер халықаралық «Дуинг бизнес» рейтингінде Қазақстанның үш сатыға көтеріліп, бизнеске қолайлы 25 елдің қатарына қосылғанын еске салды.

Жасұлан Мәдиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

«Дуинг бизнес» индикаторларын жақсарту үшін мынадай реформалар жасалды. Ол кредит алу, тағы да кәсіпорындарды тіркеу, электронды жабдықтау жүйесіне қосылу.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу