Аргентинада жаңа президент сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада жаңа президент сайланды

28.10.2019

Аргентинада экономикалық дағдарыс өршіген шақта жаңа президент сайланды. Қорытынды нәтижелер бойынша, оппозициялық партия мүшесі Альберто Фернандес 47 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Осылайша перонистер билікке қайта келді. Елдің қазіргі президенті Маурисо Макри жеңілісін мойындап, қарсыласын жеңісімен құттықтады. 

60 жастағы Фернандес валютаның құнсыздануымен, жұмыссыздықтың өсуімен күресіп, елдің құлдырап бара жатқан экономикасын қалпына келтіруге уәде беріп отыр. Ал оның жақтасы – елдің бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнер енді вице-президент атануы мүмкін.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу