Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды

27.10.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ прозасының абызы – Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлттық сөз өнерінің құдіретін әлем әдебиетіне танытқан көрнекті жазушының өмірі – өнегелі, еңбегі – ерен, деп жазды Президент.  

«Ана тілі» газетінде жарияланған эссесінде ПРЕЗИДЕНТ туралы:

«Сексен жасқа толғанда Мәскеуде болғам. Істің реті солай болды да Мәскеуден тура Астанаға ұштым. Мұнда мені сексен жасыммен арнайы құттықтаған жалғыз адам – Қасымжомарт болатын! Кеңсесіне шақырып, білегіме именной алтын сағат тағып, мерейімді асырып еді. Ол кезде Мемлекеттік хатшы және Сыртқы істер министрі қызметінде жүрген болатын... Елдің бірінші басшысы болу – үлкен мәртебе әрі салмағы зілбатпан жауапкершілік. Пайым-¬парасаты, білімі, тәжірибесі ел тізгінін ұстауға жететін азамат қой»,- деген.


Хабарламаларға жазылу