Қазақстанда инфляция деңгейі төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда инфляция деңгейі төмендейді

25.10.2019

Алдағы үш жылда ұлттық валютамыздың құнсыздануы азаяды. Ұлттық банк өкілдері осылай дейді.

Республикалық бюджеттің алдағы 3 жылға арналған жобасы таныстырылған Сенаттағы отырыста ел қазынасының қай бағытқа жұмсалатындығы айтылды. Министрлік өкілдерінің жоспарына қатысты жоғары палата өкілдері бірқатар түзетулер енгізді. Ал түпкі мақсаты түсініксіз көрінген шығындар туралы келер аптада қайта есеп берулерін сұрады. 

Үкімет мүшелері алдағы 3 жылда кірісіміз өсіп, оның басым бөлігі əлеуметтік салаларға жұмсалатынын айтты. Оның үстіне инфляция да біршама тежеледі деген болжам бар.

Мəдинə Əбілқасымова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

Жыл соңында инфляция 5,7-5,8 пайыз шамасында болады. Теңгені құлдыратпас үшін біз базалық мөлшерлемені төмендеткен болатынбыз. Келер жылдан бастап инфляция деңгейін 3-5 пайыз шамасында ұстап тұрмақпыз. 

Хабарламаларға жазылу