Синоптиктер алдағы қыста ауа райы қандай болатыны туралы болжам айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер алдағы қыста ауа райы қандай болатыны туралы болжам айтты

24.10.2019

Биыл қыс жайлы болады. Бүгін «Қазгидрометтің» жетекші қызметкерлері осылай деп мәлімдеді. Олар күз-қыс мезгілдеріне болжам жасапты. Айтуларынша, қарашадан қаңтарға дейін бетті қаритын қатты аяз немесе көз аштырмас боран белгілері байқалмайды. Дегенмен мұның ұзақ мерзімді болжам екенін және алдын ала айтылған кеңес ретінде қабылдау керектігін ескертті. Тек ақпан айында ғана қыс қаһарына мінеді деп болжам айтты мамандар. «Осы ретте, жүргізушілерге көлік дөңгелегін қарашадан қалмай ауыстыру қажет»,- деді.

Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

Қазан айының соңына дейін күн жылынады, сосын бірінші он күндікте әрі қарай суытады, жауын-шашын болады, көк тайғақтар болады. Енді осы қарашаның бірінші он күндігінде сол көліктің дөңгелегін ауыстырған жөн деп есептеймін.

 Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу