Елордада «Атамекен» ҰКП-ның VI съезі өтті

24.10.2019

Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынға көтерілді. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI съезінде Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. 

Кәсіппен айналысуға мемлекеттің қолдау көрсету көрсеткіші былтырғыдан 3 сатыға жоғарылаған. Осылайша Ресей, Австрия, Исландия, Жапония сияқты елдерді артқа қалдырды. Дегенмен, бизнесті жүргізу кезінде кездесетін кедергілер әлі де баршылық. Олардың бірқатары бүгінгі бас қосуда көтерілді. 

«Әсіресе салық, несие алу, субсидия тұрғысында олқылықтар бар», - деді бизнес өкілдері. Кәсіпкерлер палатасы мәселелерді жуық арада Үкіметке жеткізетіндерін және оң шешуге ықпал жасайтындарын айтты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу