Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

24.10.2019

Екінші адам ауруханада жатыр. Апат кеше кешкілік болған. Алдын ала дерекке қарағанда, жанар-жағармай таситын көлік бос тұрған. Жабық бокс ішінде тұрыпты. Жарылыстың қатты болғаны соншалық - темір-бетон ғимараттың 250 шаршы метр аумағы опырлып кеткен. 

Өрт сөндірушілер жіті қимылдап, үйіндінің астынан екі адамды алып шықты. Олардың бірі сол жерде бірден көз жұмған, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз.

Асқар Қапанов, облыстық еңбек инспекциясының басшысы:

Бұл жерде еңбек қатынасы, жұмыс беруші мен қаза болған азамат арасында қандай келісімшарт болды, соны анықтап жатырмыз. Бұл ғимараттың иесі кім немесе ол жалға берілді ме? Ол әзірге белгісіз. Қазір зардап шеккен екінші азаматтан түсініктеме аламыз. Содан кейін арнайы комиссия құру жөнінде шешім қабылдауымыз керек. 

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу