Алматыда білім беру жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда білім беру жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

23.10.2019

Алматыда Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген беделді педагогтар бас қосты. Олар білім беру жүйесін модернизациялау мәлелерін талқылады.

Өйткені жоғары оқу орындарына сапалы маман даярлау - осы елдердің барлығына ортақ проблема. «Қазір оқыту жүйесіне осы заманға сай тенденцияларды енгізу міндеті тұр»,- дейді ғалымдар. Шарада елімізде этнопедагогика ғылымының негізін салған, осы бағытта 72 ғалым дайындаған ардагер ұстаз, Мәдениет қайраткері Сақыпжамал Ұзақбаеваға құрмет көрсетілді. Атақты академик, білім сапасын арттыру үшін болашақ оқытушылардың деңгейін көтеру екендігін жеткізді.

Сақыпжамал Ұзақбаева, Педагогика ғылымдарының докторы:

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесін жақсарту керек. Оқушыларыдың тәртібін жақсарту керек деп жатырмыз.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу