Алматыда еріктілер бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда еріктілер бас қосты

21.10.2019

Алматыда ауқымды бастамалар қолға алынып, солардан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақшы. Бұл туралы ірі мегаполистегі бірнеше жоғары оқу орнының еріктілері бас қосқан жиында айтылды.

Олар қарттар, мүгедектер мен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қол ұшын созбақ. Белсенділер қалада түрлі мерекелік кештер мен өзге де тиімді жобаларды өткізеді. Сонымен қатар, қайырымдылық жасауға құмбыл еріктілердің ынтасын арттыру үшін елге белгілі тұлғалар тәжірибесімен бөлісті. Осындай игі істерді ілгерілету арқылы еріктілерде тың идеялар пайда болады. Себебі Президент келер жылды Еріктілер жылы деп жариялады. «Бұл бізге жігер береді», - дейді жастар.

Аружан Мейірхан, ерікті:

Әр сәрсенбі күні жастар жиналатын орын бар. Сол жерге жиналып, ақылдасып, болатын іс-шаралардың бәрін ақылдасып, еріктілерді бөліп, жіберіп, бәріміз бірге жұмыс жасаймыз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу