Қорқыт атаны халықпен қайта қауыштырған қос томдық жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт атаны халықпен қайта қауыштырған қос томдық жарық көрді

18.10.2019

Қазақтың қаламгерлерін қамтыған және Қорқыт атаны халыққа қайта қауыштырған қос томдық жарық көрді. Еңбектердің авторы мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков. Кітаптардыңың тұсау кесеріне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Алғашқы туынды «Ұлы дала әдебиеті» кітабы. Құндылығы сол, әдебиет 12 ғасырға ұзарған. Яғни сонау Күлтегін-Тоныкөктен бастап, Сүйінбай мен Жамбылға дейін жазылды. Екінші «Қорқыт ата» оқулығы Дрезден нұсқасы бойынша түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып отыр. Мұнда 8 мың сөз бен сөз тіркесі кездеседі. Екі кітап мың данамен басылып шықты.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

Менің өмір бойы жазған еңбегім негізі — осы. Онда Түркі қағанаты заманындағы әдебиет біздің, Тоныкөкке, Білге Қағанға арналған жырлар. Менің енді қосымша өмір бойы зерттегенім қазақ поэзиясының жауһарлары. Ол Жамбыл Жабаевтың өмірі сосын оған іргелес Кенен Әзірбаев.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу