Биыл Алматыда 8 мыңнан астам адам баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алматыда 8 мыңнан астам адам баспаналы болды

18.10.2019

Биыл Алматыда жыл басынан бері 8 мыңнан астам адам мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспаналы болған. «Бұл - мегаполис көлемінде рекордтық көрсеткіш», - дейді мамандар. 

Мәселен, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1300 тұрғын пәтер алған. Оларға «Саялы» шағын ауданында салынған үйлерден баспана берілген. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша да 284 отбасы үй алған. Осы уақытқа дейін көпбалалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған азаматтардан 300-ге жуық өтініш қабылданған. 

Асхат Оразбайұлы, қала тұрғыны:

Құжат жинау кезінде ешқандай қиындық жоқ. Сапасы жаман емес. Орналасқан жері жақсы. Мектеп, балабақша, оқу орындары - бәрі қасында.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу