Өскеменде адам құқықтарын қорғау жөнінде семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде адам құқықтарын қорғау жөнінде семинар өтті

17.10.2019

«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдері». Өскеменде осындай тақырыпта семинар-тренинг өтті. Шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйытқы болды. 

Жиында адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдары, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жұмыс істеу тетіктері талқыланды. 

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:

Біз тек қана облыс орталықтарында ғана болмаймыз. Қала, аудан және шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерге барамыз. Сол жерде қазақ және орыс тілінде, қарапайым тілмен олардық құқықтары мен міндеттерін, бостандықтарын түсіндіріп береміз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу