Батыс Қазақстан облысында 14 күнде 14 адам жол-көлік апатынан көз жұмды

16.10.2019

Батыс Қазақстанда жол апатынан соңғы 14 күнде 14 адам қаза тапты. Облыс әкімі бұл жәйтті төтенше жағдайға теңеді. Полицейлердің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының 90 пайызында жүргізуші кінәлі. Басты себеп — жылдамдықты асырады. Жаяу жүргіншілердің құлаққап киіп алып, жан-жағына қарамай, жолды кесіп өтуі де опат болғандар санын көбейтті. Жарығы жоқ қараңғы көшелерде апаттың артуына әкеп соғуда. Жаяу жүргіншілер жолағы уақытында боялмайды. Жалпы өңірде жыл басынан бері 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Кенжебек Құспаев, Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Қазан айының соңғы 15 күнін алатын болсақ, 14 адам қаза тапты. Оның ішінде енді ең көлемді болып отырғаны — 1 сағаттың ішінде 3 адам қаза тауып отыр. Осы 14 адамның тең жартысы – жаяу жүргіншілер. Соның ішінде Желаев трассасы, Деркөлде жарықтандырылмаған көшелерде мас күйінде шығады немесе белгіленбеген жерде жүгіріп өтеді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу