Медеуде ең үлкен Мемлекеттік ту орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеуде ең үлкен Мемлекеттік ту орнатылды

14.10.2019

Алматыдағы Медеу мұз айдынында ең үлкен Мемлекеттік ту орнатылды. 

Көк байрақты көтеру рәсіміне 2000-ға жуық адам қатысты. Монументтің биіктігі - 40 метр, ал тудың салмағы - 25 килограмм. Оның жалпы ауданы - 98 шаршы метр. 

Мегаполиске келген әр турист сұлулығымен көпті тәнті еткен Медеуде алдымен желбіреген байрағымызды көреді. Сол арқылы мемлекетімізді таниды. «Сондықтан осындай игі бастама алдағы уақытта барлық облыс орталығында қолға алынады», - дейді ұйымдастырушылар.

Мади Ахметов, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

Бұл өтіп жатқан шараның тәрбиелік, патриоттық маңызы өте терең, өте зор. Расымен де мұндай алып туды көрген кезде қазақстандық екеніңді мақтан етесің, қуанасың. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу