Қазақстан мен Қытай сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойды

14.10.2019

Қазақстан мен Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бірлескен жобаларды іске асыруды жандандыруға, ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қадағалау комиссиясының төрағасы Ян Сяода жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу аясында агенттік қызметкерлерін Қытайдың тәртіптік бақылау және қадағалау академиясында оқыту сөз болды. Сондай-ақ, аталған академияның Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастығы мәселелері айтылды.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу