Мәжілісте туризмді дамыту туралы заң жобасы талқыланды

10.10.2019

Қазақстанда туристік төлем жүйесі енгізілуі мүмкін. Яғни шетелден келетін туристерден белгілі бір мөлшерде жарна алынады. Бұл әлемде бұрыннан бар тәжірибе. Алайда, құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Бұдан бөлек, Tax Free жүйесін де енгізу қарастырылуда. Мұнда қосылған құн салығының сомасы кері қайтарылады. Яғни елден шығарда шетелдік азаматқа сатып алған заттарына салынған салық қайтып беріледі. Бүгін Мәжілісте туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды. Онда медициналық, аңшылық, әлеуметтік туризм салаларындағы түйткілдер айтылып, заңды жетілдіру жайы талқыланды. «Ал төлем жүйесі туристерді тартуға кері әсерін тигізбеуі тиіс»,- дейді депутаттар.   

Тарас Хитуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Туристер келеді. Неге десеңіз, Қазақстанның көптеген қызығушылығы бар. Көптеген елдерге тегін виза бар. Жұмыс топтарында оны талқылаймыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу