Асқар Мамин Моңғолия премьерімен келіссөздер өткізді

10.10.2019

Моңғолияда «Абай» мәдени орталығын ашуды ұсынамын. Бүгін елімізге ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесу кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Асқар Мамин ресми Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батыр қарым-қатынасындағы маңызды байланыстырушы фактор Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екенін айтты.

Моңғолияда 120 мыңнан астам қазақ өмір сүреді. Премьер-Министр тұрақты негізде бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, шығармашылық ұжымдармен және ғылыми мекемелермен алмасу қажеттігін айтты. Үкімет басшысы алдағы екі жылда Қазақстанда Моңғолияның мәдени күндерін және Моңғолияда осындай күндерді өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ, Өлгей қаласында «Абай» мәдени орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Айта кетейік, өткен жылы екі ел арасындағы алыс-беріс 80 млн доллар болған. Кездесу соңында тараптар сан саланы қамтыған 7 бірдей құжатқа қол қойды.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу